“Күмісай Тасболатова” атындағы зияткерлік білім беру мектебі” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Мектеп іскерлі оқушылардың зияткерлік қабілетін дамытуға, білімін қалыптастыруға көмектесетін біліктілігі мен дағдысын дамытуға, адами құндылығы жоғары, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзінше дамуға ұмтылатын, шығармашыл, рухани дамыған азамат тәрбиелеуге бағытталған.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – оқушылардың адамгершілік, адами, ұлттық (абырой, сыйластық, тәртіп, құрмет) құндылықтарын арттыру, өз ісіне деген жауапкершілікке, өмірге мағыналы көзқараспен қарауға, басқалардың пікірін тыңдауға, ескеруге, басқалардың пікірін өз пікірімен салыстыруға үйрету.
Мектептің материалдық базасы
Мектепте сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. 20 оқу кабинеттері бар, олардың барлығы эстетикалық және санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жасақталған. Оқушылардың пән бойынша терең және жан-жақты алу білім алу үшін 2 еңбек кабинеті (ұлдар, қыздар), алғашқы әскери дайындық кабинеті, 2 информатика кабинеті (компьютерлер интернет желісіне қосылған), заманауи жабдықталған физика, биология, химия кабинеттері, кітапхана, оқушыларға арналған оқу залы, спорт зал, спорт алаңы, бассейн, 200 орындық асхана бар. Мектептің бірінші қабатында 2 бөлмеден тұратын медициналық кабинет орналасқан (мемлекеттік лицензиясы 08.02.2013 жылғы нөмір №23003782).
Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы:
Мектепте 48 педагог қызметкер жұмыс жасайды. 47 мұғалімнің білімі жоғары, 1 мұғалімнің білімі арнайы орта. Мектепте 1 педагог-шебер, 6 педагог-зерттеуші, 7 педагог-сарапшы, 15 педагог-модератор, 2 магистр жұмыс жасайды. 19 мұғалімнің санаты жоқ.
20
405 +
48
Құлқараев Айбек Алдиярбекұлы
Информатика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері төсбелгісінің иегері, пән бойынша облыстық “Алтын диск” пән олимпиадасының жүлделі І орын иегері, облыстық “Ең үздік әдіскер” байқауының І орын иегері. Облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың, облыстық кәсіподақ комитетінің, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған

















